casino malaysia online casino singapore slots malaysia minyak dagu joker123 pussy88 xe88 pornhub premium viagra malaysia «Қазақстан – мейірімділік мекені» » №8 орта мектеп
Жетісу облысы
«Жетісу облысы білім басқармасының Текелі қаласы бойынша білім бөлімі» ММ
"№8 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72835) 4-25-93
Есепші бөлімі:
+7(72835) 4-25-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қазақстан – мейірімділік мекені»
27
май
2017

«Қазақстан – мейірімділік мекені»

Мектебімізде «Қазақстан – мейірімділік мекені» республикалық акция барысын мектеп ішілік жоспар құрылып жоспар бойынша іс- шаралар жүргізілді.
Акция аясында азқамтылған отбасынан шыққан оқушыларға қайырымдылық көмек көрсеттілді.
Кез келген бала жасөспірімдік кезеңді бастан өткереді. Ол кезең адамның мінезін өзгертіп, шыдамсыздықтың орын алуына әсер етеді. Сол кезде бала ата-ана қамқорлығы мен мұғалімнің, туған-туыстың назарына, көмегіне зәру болады. Сол сәтте дұрыс жол ұсынып, өмірдің қызыққа, бақытқа, шаттыққа толы екенін түсіндіруіміз керек. Осыны негізге ала отырып, біз де мектебімізде 23 қаңтар күні 1-11 сыныптар арасында «Өмірге иә де!» атты Республикалық акция өткіздік. Акцияның өткізілуіне көп күш салған «өзін-өзі басқару ұйымының» оқушылары (Аскеров Е., Тұрсынбаева Ш., Гетманов Н., Нигматуллин Ф., Литвиненко В., Ертаев А., Әбен Ж., Захаркина В.) сондай-ақ, әр сыныпқа жауапты етіп бекітілген еріктілерді (волонтер) атап өтпеуге болмас. Олар күні бұрын балалармен дайындықты қарқынды түрде жүргізді. Акцияның мақсаты-балалар арасында өмірдің тәтті, қызықты, ғажайып екендігін ұғындыру, жаман әдеттердің өмірімізге қауіп төндіретіндігін айту. Корневская Т.С. мен Белгибаева Б.Д. 9-10 сынып жетекшілерінің жетекшілігімен 9-10 сыныптар дайындаған бұл шарада балалар кеуделеріне жаман әдеттерді (нашақорлық, зорлық-зомбылық, компьютерлік тәуелділік, ішімдік, темекі шегу) жабыстырып шығып, оның адам өміріндегі орасан кесірін айтып, көпшілік көзінше жыртып тастады. Одан соң барлығы айналып, «Бәрі өз қолыңда» атты әнін шырқады. 10 сынып оқушысы Жапсарбаев Азат «Өмір сүру» атты әнімен көпшілікті тәнті етті. Осы акцияның басты символы бұл- түрлі-түсті ленталар. Әр сыныпта өзінің сыныптың қалауымен таңдалған бір түсті ленталары болды. Жүргізушінің әмірімен барлығы бір-бірлерінің қолдарына лента байлады. Тіпті мектеп директоры мен орынбасарлары, мұғалімдер де осы шарада белсенділік танытты. Акциядағы ұрандар келесідей тізімде болды: «Өмірге иә деп айт!», «Бір-бірлеріңе мен сені жақсы көрем деп айт», «Мен өмірді сүйем деп айт», «Мен отбасымды сүйем деп айт!», «Мен мектебімді сүйем деп айт». Барлық оқушылар балалар соңынан жоғарыдағы сөздерді қайталап отырды. 9-10 сынып ұйымдастырушылары «Welcome to Kazakhstan» әніне флэшмоб билеп, көпшіліктің көңілін бір көтерді.
Мектепішінде 1-04 наурыз аралығында «Алғыс айту парызым» апталық өткізілуде. Апталықта жоспар бойынша сурет байқауы және 04.03.2017ж. «Семейные религвии» атты отбасылық жарыс ұйысдастырылуда. Қазақ тілі және орыс тілі пән мұғалімдері оқушылар арасында «Алғыс білдіремін» тақырыбында шығарма жазу, өлең шығарубайқауларын өткізуде.

Сынып жетекшілер «Туған елге тағзым», «Қазақстан – мейірімділік мекені» атты тәрбие сеғаттарын өткізуді
«Адал Ұрпақ» ерікті мектеп клубтары келесі секциялардан тұрады: сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім; сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпарат және шығармашылық; мәдени-көпшілік іс-шаралар.
«Адал Ұрпақ» ерікті клубының мүшелері, жас жеткіншектерге сыбайлас жемқорлыққа қарсы қажетті құқықтық білім беретін күш ретінде қоғамда өзіндік орнын тауып қалыптасатындығына сенімділіктерін жеткізді.
8 наурыз халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Адал ұрпақ»тобы мүшелерінің ұйымдастыруымен мұғалім – аналарға, қыздарға арнап салтанатты шағын концерт ұйымдастырды.
Мектебіміздің тарих пәні мұғалімдері Билялова А.С. және Калысбаева А.Е. ұйымдастыруымен «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» конференция өткізілді.
Оқушыларға конституция туралы викториналық сұрақтар қойылды. Сұрақ мазмұны Еліміздің Ата Заңы және Қазақстан Республикасы Рәміздерінің тарихы жайлы тақырыптарды қамтыды. Қойылған сұрақтарға оқушылар лезде жауап қайтарды. Конференция шымылдығын Ата Заңға арнап 9 сынып оқушылары Амыргалиева Лаура мен Ордабаева Гүлдана өлең жырларымен ашты. Дәл осындай өлеңдерін шара барысында Асқар А., Алида Диляра, Косаева Лаура атты оқушылар оқып шықты. Патриоттық әндерден де шашу шашылды. Мектебіміздің талантты әншілері (Жапсарбаев Азат «Земля моя», Жұмакелді Мардана «Менің Қазақстаным», Сұлтанбек Ернұр «Земля Казахстана») көпшілікті ән әлемінде тербетті. Жүргізушілер көпшілікті Ата Заңның тармақтарымен, баптарымен, құрылымымен таныстырып, ақпараттандырды. Кеш соңында 9 «Ә» сынып оқушылары патриоттық поппури әндерден флэшмоб билеп конференцияны аяқтады.

«Қазақстан – мейірімділік мекені»
«Қазақстан – мейірімділік мекені»
«Қазақстан – мейірімділік мекені»
«Қазақстан – мейірімділік мекені»
«Қазақстан – мейірімділік мекені»