casino malaysia online casino singapore slots malaysia minyak dagu joker123 pussy88 xe88 pornhub premium viagra malaysia «Өмірге иә деп айт!» Республикалық акциясы » №8 орта мектеп
Жетісу облысы
«Жетісу облысы білім басқармасының Текелі қаласы бойынша білім бөлімі» ММ
"№8 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72835) 4-25-93
Есепші бөлімі:
+7(72835) 4-25-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Өмірге иә деп айт!» Республикалық акциясы
27
май
2017

«Өмірге иә деп айт!» Республикалық акциясы


Өмір-ащысы мен тұщысы, қуанышы мен қайғысы, қадірі мен қасиеті қатар тоғысқан жол. Сол өмір жолында қиындыққа тап бола қалса, шыдамдық таныта алмай жататын жандар өте көп. Кейбіреуі ішімідікке салынып кетсе, бірі өз өмірлерін қиып жатады.
Кез келген бала жасөспірімдік кезеңді бастан өткереді. Ол кезең адамның мінезін өзгертіп, шыдамсыздықтың орын алуына әсер етеді. Сол кезде бала ата-ана қамқорлығы мен мұғалімнің, туған-туыстың назарына, көмегіне зәру болады. Сол сәтте дұрыс жол ұсынып, өмірдің қызыққа, бақытқа, шаттыққа толы екенін түсіндіруіміз керек. Осыны негізге ала отырып, біз де мектебімізде 23 қаңтар күні 1-11 сыныптар арасында «Өмірге иә де!» атты Республикалық акция өткіздік. Акцияның өткізілуіне көп күш салған «өзін-өзі басқару ұйымының» оқушылары (Аскеров Е., Тұрсынбаева Ш., Гетманов Н., Нигматуллин Ф., Литвиненко В., Ертаев А., Әбен Ж., Захаркина В.) сондай-ақ, әр сыныпқа жауапты етіп бекітілген еріктілерді (волонтер) атап өтпеуге болмас. Олар күні бұрын балалармен дайындықты қарқынды түрде жүргізді. Акцияның мақсаты-балалар арасында өмірдің тәтті, қызықты, ғажайып екендігін ұғындыру, жаман әдеттердің өмірімізге қауіп төндіретіндігін айту. Корневская Т.С. мен Белгибаева Б.Д. 9-10 сынып жетекшілерінің жетекшілігімен 9-10 сыныптар дайындаған бұл шарада балалар кеуделеріне жаман әдеттерді (нашақорлық, зорлық-зомбылық, компьютерлік тәуелділік, ішімдік, темекі шегу) жабыстырып шығып, оның адам өміріндегі орасан кесірін айтып, көпшілік көзінше жыртып тастады. Одан соң барлығы айналып, «Бәрі өз қолыңда» атты әнін шырқады. 10 сынып оқушысы Жапсарбаев Азат «Өмір сүру» атты әнімен көпшілікті тәнті етті. Осы акцияның басты символы бұл- түрлі-түсті ленталар. Әр сыныпта өзінің сыныптың қалауымен таңдалған бір түсті ленталары болды. Жүргізушінің әмірімен барлығы бір-бірлерінің қолдарына лента байлады. Тіпті мектеп директоры мен орынбасарлары, мұғалімдер де осы шарада белсенділік танытты. Акциядағы ұрандар келесідей тізімде болды: «Өмірге иә деп айт!», «Бір-бірлеріңе мен сені жақсы көрем деп айт», «Мен өмірді сүйем деп айт», «Мен отбасымды сүйем деп айт!», «Мен мектебімді сүйем деп айт». Барлық оқушылар балалар соңынан жоғарыдағы сөздерді қайталап отырды. 9-10 сынып ұйымдастырушылары «Welcome to Kazakhstan» әніне флэшмоб билеп, көпшіліктің көңілін бір көтерді. Оқушылар мен мұғалімдер қолдарына тағылған лента 10 күн бойы қолдарында шешілмей жүретін болады. «Өмірге иә деп айт!» ақцияның жабылуы 6 наурызда болады. Мектеп директоры Сибирякова Н.Н. шара соңында оқушыларға ізгі ниетін білдіріп, жоғарғы сынып оқушыларымен естелік суреттерге түсті.

«Өмірге иә деп айт!» Республикалық акциясы
«Өмірге иә деп айт!» Республикалық акциясы
«Өмірге иә деп айт!» Республикалық акциясы
«Өмірге иә деп айт!» Республикалық акциясы
«Өмірге иә деп айт!» Республикалық акциясы
«Өмірге иә деп айт!» Республикалық акциясы
«Өмірге иә деп айт!» Республикалық акциясы
«Өмірге иә деп айт!» Республикалық акциясы
«Өмірге иә деп айт!» Республикалық акциясы
«Өмірге иә деп айт!» Республикалық акциясы
«Өмірге иә деп айт!» Республикалық акциясы