casino malaysia online casino singapore slots malaysia minyak dagu joker123 pussy88 xe88 pornhub premium viagra malaysia «Адал ұрпақ» еріктілер клубы » №8 орта мектеп
Жетісу облысы
«Жетісу облысы білім басқармасының Текелі қаласы бойынша білім бөлімі» ММ
"№8 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72835) 4-25-93
Есепші бөлімі:
+7(72835) 4-25-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Адал ұрпақ» еріктілер клубы
27
май
2017

«Адал ұрпақ» еріктілер клубы

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істер және жемқорлыққа қарсы күрес Агенттігі әзірлеген Рухани адамгершілік және азаматтық-патриоттық тәрбиелеу контектісінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, мектеп ортасында қалыптастыру бағдарламасын негізге ала отырып, 5-11 сынып оқушылары арасында «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы құрылды. Бұл құрам ең таңдаулы, белсенді, мектепте беделі бар оқушылар арасынан іріктелінді. «Адал ұрпақ» клубының жұмысын ұйымдастыру, жандандыру педагог-ұйымдастырушы Жубанова Аймира Нағашыбайқызына жүктелді. Аталған бұйрықтың орындалуы директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Долбаева Сандуғаш Қонысбаевнаға берілді. Аталмыш клуб үш секция бойынша бөлінді, жоспарлары құрылып, директордың қолы мен мөрімен бекітілді. Әр секцияда 4 оқушыдан. Бірінші секция- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім» деп аталады. Ұйым басшысы –Аскеров Ерасхан. Ұйым мүшелері: Тобықтиев Е., Рашидов Р., Такжанов Т.. Осы құрам қаңтар айында «Сыбайлас жемқорлықты тудыратын себептер» атты 8-9 сыныптар арасында дебат , ал ақпанда «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы №986 Жарлығын талдау бойынша дқөңгелек үстел өткізді. Алдағы уақыттағы жоспарлары бойынша наурыз айында «Заң және біз» деген тақырыпта мемлекет қызметкерлерімен кездесуді жоспарлап отыр.
Келесі құрам- «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ақпарат және шығармашылық» бойынша атқаратын топ мүшелері. Ұйым басышысы- Ертаев Алибек. Ұйым мүшелері: Нұрахметов А., Матниязова К., Болатбаев М.. Желтоқсан айында «Адалдық-ардың ісі» деген тақырыпта қазақ 8-9 сыныптар арасында дебат өткізілді. Қаңтар айында болса «Жемқорлық індет- жою міндет» атты балалар арасында интервью жүргізді. Аталмыш құрам наурыз айында «Тура биде туған жоқ, туғанды биде иман жоқ» атты тақырыпта көрініс дайындап жатыр.
«Мәдени-бұқаралық іс-шаралар» бойынша атқаратын топ мүшелерінің жауапты басшысы- мектебіміздің «өзін-өзі басқару мүшесінің» мәдениет министрі, белсенді, дарынды, ақылды оқушы- Литвиненко Виктория болып табылады. Ұйым құрамында келесідей оқушылар бар: Нестеренко М., Букреев А., Сон А.. Жоспары бойынша қаңтар айында «Сыбайлас жемқорлық деген не?» атты тақырыпта 7-11 сыныптар арасында сауалнама жүргізді. Ақпан айында «бармақ басты, көз қысты» тақырыпта бейнеролик түсіріп қойды. Көктемнің алғашқы айында «Жаңа Қазақстанмен бірге!» атты флэшмобты жоспарлап жүр.
«Адал ұрпақ» еріктілер клубының мүшелері өз жұмыстарын тиянақты, белсенді, қызығушылықпен істеп келеді. Олардың ойынша жемқорлыққа кісен салуды мектеп қабырғасынан бастау керек дейді. Олар өз іні-бауыр, қарындастарына, үлкен аға-әпкелеріне де жемқорлықтың кері әсерлері жайлы естіген білгендерін айтып жүр. Олардың ұраны да тілегі де бір- «Жемқорлыққа жоқ дейміз!».