casino malaysia online casino singapore slots malaysia minyak dagu joker123 pussy88 xe88 pornhub premium viagra malaysia 1 қыркүйек «Алғашқы қоңырау» » №8 орта мектеп
Жетісу облысы
«Жетісу облысы білім басқармасының Текелі қаласы бойынша білім бөлімі» ММ
"№8 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72835) 4-25-93
Есепші бөлімі:
+7(72835) 4-25-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1 қыркүйек «Алғашқы қоңырау»
27
май
2017

1 қыркүйек «Алғашқы қоңырау»

Тәуелсіздіктің 25 жылдығымен тұспа-тұс келіп тұрған 2016-2017 жаңа оқу жылы «№8 ОМ МДШО»КММ –нде салтанатты түрде аталып өтілді. «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» деп Шәкәрім атамыз жырлағандай бұл лездеме бұрынғыдан өзгеше аталып өтілді. Оған дәлел мерекелік лездеменің бала санының көп болуына байланысты 2 уақытта аталып өтілуі.
Алғашқы лездеме сағат 9.00 де басталды. Оған қатысушы сыныптар: бастауыш 1-4 аралығы. 11 сынып үздік оқушыларының соңынан ерген 1 сынып оқушылары мұғалімдерімен бірге өз орындарына тұрып жатты. Атап айтсақ , 1 «а» сынып жетекшісі Қожабекова Гүлзира Нұрдұллақызы, 1 «ә» сынып жетекшісі Қадыржанова Алтынай Бауыржанқызы, 1 «б» сынып жетекшісі Любченко Анна Васильевна, 1 «в» сынып жетекшісі Федотова Любовь Андреевна, 1 «г» сынып жетекшісі Калышева Светлана Николаевна. Биылғы соңғы оқу жылын қарсы алушы 11 сынып түлектері өзінің сынып жетекшісі Синицина Мира Муратовнамен бірге өз орындарына келіп тұрды.
Бүгінгі лездемеміздің басты тақырыбы да жоғарыда аталған Тәуелсіздік. «Біздің тірегіміз-Тәуелсіздік, тілегіміз-тұрақтылық, білегіміз-бірлік» деп Елбасымыз айтқандай тәуелсіз елдің ұрпақтарымыз біз.
Мемлекеттік туды көтеру құрметті оқу озаттары Гетманов Никитаға, сондай республикалық олимпиада жүлдегерлері Автаева Валерияға, Сабитова Рабияға берілді. Мемлекеттік әнұран орындалды. Салтанатты мерекеміздің мәртебелі қонақтары:
Текелі қаласы әкімінің орынбасары- Рахымбеков Рауан Тұрданғазыұлы
Спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшысы- Тугулбаев Бауыржан Ертайұлы
«Ардагерлер ұйымы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Текелі қалалық филиалының мүшесі- Безродна Лариса Николаевна
Текелі қаласының білім бөлімінің бас маманы- Дүкенова Ардақ Садырбекқызы
№2 балабақшасының меңгерушісі- Тарыбаева Әсел Бақбергенқызы.
Қонақтардың жылы лебізінен кейін мектебіміздің директоры Сибирякова Наталья Николаевна сөз сөйледі.
Мерекелік шара 1 сыныптардың әсем тақпақтарымен жалғасын тапты. 11 сынып түлектері оларға да өз ақыл-кеңестерін өлеңмен жеткізді. Ән айтып, би билеп өз өнерлерін көрсетті.
Алғашқы қоңырау беру мәртебесі он бірінші сынып оқушысы Кенжеев Бахтиярға, Иванов Сергейге және бірінші сынып оқушылары Давыдова Коралина, Түзелбек Айзереге берілді. Қоңырау соңында Щадринцева Елена Александровнаның жетекшілігімен қыздардан құралған биші қыздар «қоңырау» биін көрсетті. 2016-2017 жаңа оқу жылының ашылуына арналған салтанатты шара балғындардың аспанға кемпірқосақ түстес шарларын әуеге ұшыруымен аяқталды.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі өскелең ұрпақтың патриоттық тәрбиесін белсендіру мақсатында орта білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасының 25- жылдығына арналған Бірыңғай Патриотизм сабағын өткізу бойынша әдістемелік нұсқаулық негізінде 2016 ж. бірыңғай «Мен өз Отанымның патриотымын» сабағы өткізілді.