casino malaysia online casino singapore slots malaysia minyak dagu joker123 pussy88 xe88 pornhub premium viagra malaysia Дін тарихы » №8 орта мектеп
Жетісу облысы
«Жетісу облысы білім басқармасының Текелі қаласы бойынша білім бөлімі» ММ
"№8 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72835) 4-25-93
Есепші бөлімі:
+7(72835) 4-25-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
ноябрь
2017

Дін тарихы

Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында көтерілген мәселелерді орындау мақсатында жолға шыққан «Рухани керуен» Текеліге де келіп жетті.
Ұлт жоспарына айналған мақаланы насихаттауға мектеп оқушылары да ат салысуда. №8 орта мектеп оқушыларының ұйымдастыруымен өткізілген «Діндер тарихы» брейн-ринг ойынына көрермен ретінде қала мектептерінен оқушылар, тарих пәнінің мұғалімдері қатысты. Баянды мерекемізге «Облыстық дін басқармасының» «Дін саласындағы мәселелерді зерттеу» орталығының нұсқаушысы, теолог Асанов Ақжол Мұратұлы қатысып мектеп жастарына ақыл кеңесін берді.
Шара сайыс түрінде өткізілгенімен қазіргі өткір мәселеге айналып отырған жастардың дінге көзқарасы туралы пікірлер мен бейнематериалдарға бай болды. «Брейн-ринг» ойынына 9 сынып оқушылары бақ сынасты. Үш бөлімнен тұрған ойынның алғашқы кезеңінде мектеп оқушылары дін тарихы туралы сұрақтарға жауап беріп, халық көкейінде жүрген келелі сұрақтар бойынша пікірлері мен көзқарастары елдің елеулі дін мамандары пікірлерімен ұштастырылды. Ойынның ақырғы кезеңінде топ басшылары сайысқа түсіп дін тарихы бойынша білімдерін сынады.
Білім жарысынан гөрі ақпараттық, танымдық тәрбиесі мол іс-шара барысында оқушылар мен көрермендер білімдерін толықтырып, Елбасы мақаласының мәнін ұғынып, жауапкершілік сезімге бөленді. Ойын қорытындысы бойынша жеңімпаз топ марапатталып, мақтау қағаздары берілді. Аталған шара соңындағы оқушылардың терроризм мен экстремизмге жол бермеу мен алдын-алу шаралары бойынша айтылған ұсыныстарынан жігерлі жастардың болашаққа сенімі көңілге үміт ұялатып, серпілтіп тастады. Қазақтың екінші әнұранына айналған «Атамекен» әнін көрермендер, ұйымдастырушылар шалықтата орындағанда залда отаншылдық рух шарықтады.
Абай атамыз «Адам баласын заман өсіреді, кімде - кім жаман болса, оған замандастарының бәрі кінәлі» деген. Озық білім мен үздік жаңалықтарды дарытуға дайын түлектеріміз сыртқы әсерлерді дұрыс қабылдап дұрыс жауап беретіндігіне сеніміміз анық
Дін тарихы
Дін тарихы
Дін тарихы
Дін тарихы