casino malaysia online casino singapore slots malaysia minyak dagu joker123 pussy88 xe88 pornhub premium viagra malaysia Түлектердің бітіру кеші » №8 орта мектеп
Жетісу облысы
«Жетісу облысы білім басқармасының Текелі қаласы бойынша білім бөлімі» ММ
"№8 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72835) 4-25-93
Есепші бөлімі:
+7(72835) 4-25-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Түлектердің бітіру кеші
22
июнь
2017

Түлектердің бітіру кеші

«№8 ОМ МДШО» КММ 15 маусым сағат 20.00-де әкімдік және білім бөлімінің өкілдерінің, ата - аналардың қатысуымен мектебімізде куәлік беру салтанатты рәсімі мәжіліс залында өткізілді. Мектеп бойынша 24 түлек аяқтады. Мектеп бітіруші түлектерге арналған қалалық «Ақ жол» салтанатты кешінде оқудағы өздерінің терең білімдерін, қиындықтарға төзе білетін және тамаша нәтижелер көрсете білген түлектерге - Жакупова Сауле, Сабитова Рабия, Житникова Елизаветаға «Алтын белгі», Автаева Валерия, Искакова Динараға «Үздік аттестат» және олардың ата-анасына алғыс хаттар тапсырылды.
Мектеп бітіру кешіміздің сценарийі ІІ бөлімнен тұрды.
І бөлім Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимнімен ашылды. Көпшілікті кеш қонақтарымен таныстырды: Мұханов А.Т. – әкім аппаратының басшысы., Базарбаева Р.К. – білім бөлімінің аға әдіскері., Тұғылбаев Б.Е. – спорт және дене шынықтыру бөлімінің басшысы.
«Аттестат» номинациясы мектебіміздің капитаны Н.Н.Сибиряковаға және директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ж.Е.Жаакпековаға табыс етілді. Жаңа өмірге, жауапкершілікті кезеңге аяқ басқалы отырған түлектерге орта білімді аяқтау туралы куәліктері берілді.
Мына номинациялар келесі қонақтарға табыс етілді:
«Гостям всегда мы рады» номинациясы - Мұханов А.Т., Базарбаева Р.К., Тұғылбаев Б.Е.
«Первый учитель» - Рябинина Н.Г. мен Береснева Т.Н.
«Дорогие родители» - Житникова Е.В., Рашидов С.С.
Осымен орта білім аттестатын беруге арналған салтанатты жиынымыздың І бөлімі Қазақстан Республикасының мемлекеттік Гимнімен аяқталды.
«Кто тебя выдумал школьная страна» деп аталатын ІІ бөлім мектеп бітіру кешінің шағын концерттік бағдарламасымен жалғасты. Дәстүр бойынша түлектердің сынып мұғалімдері, ата-аналары да өз тілектерін білдірді. Түлектеріміз өздерінің ықылас-ниет тілегін ұстаздарына жеткізе білді.
Кеш сағат 22-00-ден мектебіміздің асханасында жалғасты. Бекітілген кестеге сәйкес ҚІІБ қызметкерлерімен, өрт сөндірушілермен, мектеп әкімшілігімен, мұғалімдерімен кезекшілік ұйымдастырылды.
Әр 1-2 сағат сайын мектеп бітіру кешінің өткізілуі туралы білім бөлімдері мен ҚІІБ –не хабарлама жасалып отырды. Кеш есте қаларлықтай өтті.
Түлектердің бітіру кеші
Түлектердің бітіру кеші
Түлектердің бітіру кеші
Түлектердің бітіру кеші[/center]