casino malaysia online casino singapore slots malaysia minyak dagu joker123 pussy88 xe88 pornhub premium viagra malaysia "Быть человеком разумным - значит быть против коррупции!" » №8 орта мектеп
Жетісу облысы
«Жетісу облысы білім басқармасының Текелі қаласы бойынша білім бөлімі» ММ
"№8 орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72835) 4-25-93
Есепші бөлімі:
+7(72835) 4-25-93
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Быть человеком разумным - значит быть против коррупции!"
10
май
2023

"Быть человеком разумным - значит быть против коррупции!"

«Дүниеде  әділдік пен адамдықты ту еткен, адамнан артық ешкім жоқ»

Біз мүлде жаңа қоғамды өмір сүріп жатырмыз. Жаңа қоғамның сипаты іскерлік болса, бұл салада атқарылған жұмыстар көп. Ал шешімі күрделі жұмыстарда бар. Ол – әлеуметтілік мәселе. Әлеуметтік мәселе де шешімі табылмай      тұрған ол – сыбайлас жемқорлық. Елімізде осыған арнайы қабылданған  заңдар да, атқарылып жатқан жұмыстар да бар. Сыбайлас жемқорлықпен  күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі  күрделі проблемасы. Бұл проблема  әлемдегі  барлық елдерді алаңдатып отыр. Кез –келген өркениетті қоғам үшін  сыбайлас жемқорлықпен күрес ең өзекті –іс.  Сыбайлас жемқорлық  мемлекетті  ішінен   жоюдың  бастамасы. Ұлттық қауіпсіздікке зиянын тигізеді. Елдің болашағы менің  қолымда деген   әр  бір  жеке тұлға сыбайлас жемқорлықпен  қарсы   күресті өзінен  бастауы қажет. Қоғамның  барлық күш-жігерін біріктіріп, осы проблеманы шешу азаматтық  борышым деп санап,  адамгершілік құндылықты  жоғары қоюы   шарт. Адамгершілік құндылықты бала   бойына мектеп қабырғасынан   үйретеміз. Біздің мектебіміз де «Адал ұрпақ» патриоттық ұйымы бір неше жыл жұмыс жасап келеді. Барлық мектептегі шараларға: театрланған қойылымдар, роликтер көру, буклеттер жасау,ашық есіктер және осы бағыттағы қызметкерлермен кездесулерге белсене қатысып, үлес қосып келеді.   Ұйымның мақсаты: мемлекетке адал қызмет ету,  болашақ жастарды жемқорлықсыз әлемге үйрету,  жемқорлыққа  қарсы көз-қарасын нығайту, білім және мәдени деңгейін арттыру болса, біз шәкірттерімізді мектеп қабырғасынан адалдық пен адамгершілікті бойына сіңіруге тәрбиелейміз. Себебі, бүгінгі оқушы ертеңгі мемлекеттік басқаратын болашақ тұлға. 

Сонымен қатар, «Аналар кеңесінің» жұмысын атқарып келемін. Мақсатым,  отбасындағы татулықтың, береке –бірліктің болуына ат салысып, қыз тәрбиесі, ұл тәрбиесінде терең мән беру. Әрбір мемлекеттің іргесін отбасы құрайды. Сондықтан да «Аналар кеңесі» тәрбие бастауын отбасы деп санайды. «Дүниеде әділдік пен адамдықты ту еткен, адамнан артық ешкім жоқ», - деген ұғымды бала отбасынан үйренеді. Елімізді дамытқысы келетін, әрбір азамат мемлекеттің ішіндегі тәртіпті, қауіпсіздікті сақтауы тиіс. Сыбайлас жемқорлықпен күресу барлық Қазақстан Республикасы азаматтарының азаматтық борышы деп есептеймін.