“Таза Қазақстан” акциясы
🌿🌿🌿“Таза Қазақстан” акциясы аясындағы игі іс-шара! 🌿🌿🌿Бүгін мектебіміздің ауласында Текелі қаласы әкімдігі және білім бөлімімен бірлесе отырып, “Таза Қазақстан” акциясы аясында сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шара барысында аулаға ағаштар мен гүлдер отырғызылып, табиғатты көркейтуге бағытталған жұмыстар жүргізілді. Бұл маңызды шараға Жетісу және Қазақстан телеарналарынан арнайы қонақтар келіп, игі бастаманың куәсі болды. 🌿🌿🌿Таза табиғат – жарқын болашақ кепілі!