07
сентябрь
2017
Жазған шығармалар
Мектебімізде 2017 жылдың 6 қыркүйек айында шығармалар байқауы өтті. Байқауға 9, 11 сынып оқушылары белсене қатысты. Байқаудың шарты бойынша 9 сынып оқушылары «Туған жер», 11 сынып оқушылары «Рухани жаңғыру» тақырыптарында шығарма жазды. Шығармаға 9 қазақ сыныбынан 10 оқушы, 9 орыс сыныбынан 15 оқушы, 11 сыныптан 12 оқушы қатысты. Байқау қорытындысы бойынша 9 сынып оқушысы Сұлтанбек Таир, Серикова Әсел және 11 сынып оқушысы Косаева Лаура І орынды иеленді.